$ 526.02  607.55  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«1000 доллардан аса айыппұл»: Қырғызстанда дәрігер мен мұғалімге қол көтергендерге жаза қатаңдатылды

Бұл жеңіл дене жарақатын келтіру фактісіне қатысты 

«1000 доллардан аса айыппұл»: Қырғызстанда дәрігер мен мұғалімге қол көтергендерге жаза қатаңдатылды
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Қырғызстанда дәрігерлер мен мұғалімдерге қол көтергендер 600 мың теңгеге дейін айыппұл төлейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Президент Садыр Жапаров денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін жауапкершілікті күшейтетін Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды. Құжат он күннен кейін күшіне енеді.

Қызметтік, кәсіби міндетін атқару кезінде тұлғаның денсаулығына жеңіл зиян келтіру фактісі үшін де жаза қарастырылған. Мұндай құқықбұзушылық үшін 500-ден 1000 айлық есептік көрсеткіш аралығында айыппұл (50-100 мың сом) қарастырылған. Осындай жаза түрі Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің «Бұзақылық» бабына да енгізілген.

Айта кетсек, Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі де дәрігерлерге шабуыл жасағандарға қатысты қылмыстық жауапкершілікті күшейту бағытында заң жобасы әзірленіп жатқанын хабарлаған болатын. Заң күшіне енгеннен кейін ақ халаттыларға қол көтергендер 2 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары