$ 541.63  632.24  6.61
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Израиль енді Ливанға әуеден соққы жасады

IDF соққы жасалғаннан кейін себебін түсіндірді

Израиль енді Ливанға әуеден соққы жасады
Фото: Mahmoud Zayyat/AFP via Getty Images

Израильдің қарулы күштері енді Ливанға әуеден соққы жасады. Бұл туралы Израиль қорғаныс армиясының (IDF) баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қарулы күштердің мәліметіне жүгінсек, осы шабуыл арқылы Ливанның Набатия ауданында «Хезболла» ұйымының әуе қорғаныс бөлімінің мүшесі Хасан Әли Жәмил Атвиді өлтірген.

Әскерилердің мәліметінше, Атви ұйымның әуе қорғаныс бөлімін қалпына келтіру және қайта қаруландыру жұмыстарын басқарған, әрі операциялық білім мен тәжірибенің негізгі көзі болған. Сонымен қатар ол бөлімнің Ирандағы жетекшілерімен байланыс орнатып, қажетті жабдықтарды сатып алған.

IDF атап өткендей, Хасан Әли Жәмил Атвидің әрекеттері Израиль мен Ливан арасындағы келісімдерді бұзған, ал оның көзін жою «Хезболланың» әскери әлеуетін қалпына келтіру әрекеттеріне соққы болған.

Израиль қорғаныс армиясы өз мәлімдемесінде:

«Біз Израиль мемлекетінің қауіпсіздігіне төнетін кез келген қатерді жою бағытында әрекеттерімізді жалғастырамыз», — деп хабарлады.

Айта кетейік, Израиль осыған дейін Сирияға шабуыл жасағаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары