Непалда наразы топ министрдің шалбарын шешіп, өзен бойымен қуды (ВИДЕО)
Премьер-министр отставкаға кетті

Непалда наразылық білдірушілер елдің қаржы министрі Бишну Прасад Паудельді іш киіміне дейін шешіндіріп, өзен бойымен қуды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy RT India-ға сілтеме жасап.
Шенеунік күндіз наразылық білдірушілердің қолына түскен. Алдымен олар оны ұрып-соғып, сосын жол бойымен сүйрелеген. Содан кейін шенеунік олардың қолынан босап шығып, өзенге секірген, бірақ бәрібір қуғыннан құтыла алмады.
Паудельден басқа, Сыртқы істер министрі мен Непалдың бұрынғы премьер-министрінің әйелі бүлікшілердің шабуылына ұшырады. Әйел көз жұмды.
Бір күн бұрын Непалда басталған қарсылық акциясы наразылық білдірушілердің көпшілігінің жасына байланысты «Z ұрпақ төңкерісі» деп аталды. Жастардың көшеге шығуына кедейлік, жұмыссыздық, жемқорлық және әлеуметтік желілерді бұғаттау себеп болды.