02.09.2025, 14:33
Әлем
Ауғанстандағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 1124-ке жетті
Жер сілкінісінің магнитудасы 6,2 балл деп бағаланды
Фото: Getty Images
Ауған гуманитарлық ұйымы Қызыл Жарты айдың дерегінше, жер сілкінісі салдарынан 1124 адам қаза тауып, 3251 адам жарақат алды. Сондай-ақ 8 мыңнан астам тұрғын үй қирады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жер сілкінісінен кейінгі алғашқы тәулікте қаза тапқандар саны туралы мәлімет бірнеше рет өзгерді:
- 31 тамыз, таңертең — 250 адам қаза тауып, 500 адам жараланғаны хабарланды (NBC News).
- 31 тамыз, сағат 09:30 — 500 адам қаза тапты, 1 мыңнан астам адам жараланды (RTA).
- 31 тамыз, сағат 10:38 — 622 қаза тапты, 1,5 мың жараланды (Reuters).
- 31 тамыз, сағат 13:05 — 800 қаза тапты, 2,5 мың жараланды (ТАСС).
- 1 қыркүйек, кешке — 812 қаза тапты, 2817 жараланды (Забихулла Муджахид, ресми өкіл).
- Соңғы дерек (1 қыркүйек, 19:45) — 1124 қаза тапты, 3251 жараланды, 8000 үй қирады (Қызыл Жарты ай).
Жер сілкінісінің магнитудасы 6,2 балл деп бағаланды. Құтқарушылар қираған ғимараттардың астынан адамдарды іздеуді жалғастырып жатыр. Елдің денсаулық сақтау министрлігі арнайы топ құрып, жүзге жуық маманды апат аймағына жіберген.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
18.12.2025, 12:58
«Ажырасқан әйел дәретхана секілді»: танымал әнші ойын айтамын деп дауға қалды (ВИДЕО)
18.12.2025, 09:45
Алматыдан Бангкокқа ұшып шыққан Air Astana ұшағы Дели қаласына шұғыл қонуға мәжбүр болды
18.12.2025, 22:17
«Ұят болады»: 750 мың теңгеге той жасаған жас жұбайлар пәтер сатып алды
18.12.2025, 07:12
Түркістан облысында көпірдің құлаған сәті видеоға түсіп қалды
Редактордың таңдауы
18.12.2025, 12:14
Қазақстанда төрт күн ішінде тас жолдар 177 рет жабылған (ВИДЕО)