$ 542.66  631.98  6.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.08.2025, 08:24
Әлем

Трамп әлемдегі ең қауіпті қалалардың бірін атады

АҚШ президенті Вашингтонда қылмысқа қарсы кең ауқымды күресті бастады

Трамп әлемдегі ең қауіпті қалалардың бірін атады
Фото: AP/ Evan Vucci

Америка президенті Дональд Трамп Вашингтон көшедегі қылмыстың артуына байланысты әлемдегі ең қауіпті қалалардың біріне айналғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

АҚШ президенті Truth Social әлеуметтік желісінде АҚШ астанасы қазіргі уақытта қауіпті екенін мәлімдеп, оны жақын арада түзетуге уәде берді.

«Дүйсенбіде, 11 тамызда Ақ үйде Вашингтондағы зорлық-зомбылық қылмысын түбегейлі тоқтататын баспасөз конференциясы өтеді», - деп жазды ол.

Трамптың мәлімдемесіне жақында бір топ жасөспірімнің кәсіпкер Илон Масктың 19 жастағы бұрынғы көмекшісі Эдвард Користинді аяусыз ұрып-соғуы себеп болған. Осы сәттен бастап Трамп Вашингтонда қылмысқа қарсы кең ауқымды күресті бастады.

«Бүгін түннен бастап Вашингтонда қылмыскерлер үшін қауіпсіз баспана болмайды», - деп мәлімдеді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт брифингте.

Еске сала кетейік, 15 тамызда Ресей мен АҚШ басшылары Аляскада жүздеседі деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді. Бұл кездесу — соңғы жылдардағы екі ел арасындағы ең жоғары деңгейдегі байланыс. Сарапшылар Аляска саммиті Ресей мен АҚШ қатынастарындағы жаңа кезеңнің бастауы болуы мүмкін деп бағалап отыр.

Серіктес жаңалықтары