$ 539.49  627.7  6.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.08.2025, 11:15
Әлем

Брэд Питтің отбасы ауыр қайғыға душар болды

Брэд Питтің анасы 84 жаста болған

Брэд Питтің отбасы ауыр қайғыға душар болды
Фото: Legion-Media

АҚШ-тың әйгілі актері Брэд Питтің анасы, Джейн Этта Питт 84 жасында қайтыс болды. Бұл туралы шетелдік ақпарат құралдары хабарлады. Джейн Этта Питт бірнеше күн бұрын өмірден озса да, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарына енді ғана белгілі болып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Анасының қайтыс болғаны туралы алғашқы болып Брэд Питтің інісінің қызы, актёрдің жиені Сидни Питт әлеуметтік желіде хабарлады. Ол әжесінің өмірден өткеніне байланысты әлеуметтік желісінде, жүрек тебірентерлік сөздер жазған.

«Біз сені жоғалтуға дайын емес едік. Бірақ сен енді бостандыққа шығып, қайта ән айтып, билеп, сурет сала аласың», – деп жазды Сидни.

Зейнетке шыққанға дейін Джейн Этта Питт отбасылық кеңесші қызметін атқарған. Ол тек әйгілі актердің анасы ғана емес, өз саласында беделді маман ретінде де танылған.

Серіктес жаңалықтары