$ 539.49  627.7  6.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.08.2025, 17:40
Әлем

Молдовадағы Гагаузия басшысы Евгения Гуцул 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Соңғы сөзінде ол өзін ақтауды сұраған

Молдовадағы Гагаузия басшысы Евгения Гуцул 7 жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: Владимир Андреев © URA.RU

Кишинев қаласының соты Гагаузия автономиясының басшысы Евгения Гуцулды заңсыз қаржыландыру ісі бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тергеу нұсқасы бойынша, Евгения Гуцул 2019–2022 жылдар аралығында «Шор» партиясының хатшысы ретінде Ресейден Молдоваға заңсыз түрде қаражат жеткізіп отырған. Сондай-ақ ол партия кеңселерінің қызметін үйлестіріп, ұйымдасқан қылмыстық топтан 42,5 миллион лей (шамамен 2,4 млн доллар) көлемінде қаржы алған деп айыпталды.

Сот отырысындағы соңғы сөзінде Гуцул өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, ақтауын сұрады.

«Мен Молдоваға бір лей де әкелген жоқпын. Менің 16 және 3 жастағы екі балам бар», – деп мәлімдеді ол.

Оның адвокатының айтуынша, Молдова заңдары бойынша аналар жазасын балалар 8 жасқа толғаннан кейін өтеуге құқылы.

Сонымен қатар, сот Евгения Гуцулды 40 млн лейді қайтаруға міндеттеді. Бұл қаражат «Шор» партиясының заңсыз қаржыландырылуына жұмсалған деп есептеліп отыр.

Партияның тағы бір хатшысы – Светлана Попан да осы іс аясында 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

 

Серіктес жаңалықтары