Әзербайжанда 11 жастағы қызды зорлаған педофил 3,9 жылға сотталған
Ол 3 жыл 9 айға сотталды

Сұмғайыт қаласының апелляциялық соты 11 жастағы қызға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекет жасағаны үшін сотталған Хаджи Салман Кямилоғлуның апелляциялық шағымын қарады. Алайда, сот шағымды қанағаттандырудан бас тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға өткен жылдың 22 маусымында, сағат 19:00 шамасында, Абшерон ауданына қарасты Масазыр кентінде болған. Тергеу деректеріне сәйкес, Хаджи Салман 11 жастағы қызды көлігіне алдап отырғызып, оған қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған.
Аталған оқиға бейнебақылау камерасына жазылып, қыздың туыстары полицияға шағым түсіргеннен кейін тергеу басталған болатын.
Абшерон аудандық сотының шешімімен, Хаджи Салман 3 жыл 9 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Ал апелляциялық сатыдағы сот бастапқы үкімді өзгеріссіз қалдырды, сотталған азаматтың шағымы қанағаттандырылған жоқ.