01.08.2025, 04:06
Әлем
Австрияда футбол фанаттары Роналдуға тұра ұмтылды (ВИДЕО)
Күзет футболшыны жылдам алып кетті
Фото: cristiano/instagram
Австрияның Грёдиг қалашығындағы саудиялық «Әл-Наср» клубының базасында жаттығу басталмай жатып-ақ жағдай шиеленісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жанкүйерлер команданың маусым алдындағы дайындыққа келгенін естіп, Криштиану Роналдуды бір көріп қалсақ немесе онымен селфи жасаймыз деген үмітпен кіреберіске жиналды.
Футбол жұлдызы шыққан кезде фанаттар сол сәтті түсіру үшін телефондарын алып, Роналдуға қарай ұмтылды. Португалиялық мұндай қыспаққа таңғалып, сәл кідірді де, тез кетіп қалды.
Роналдудың жеке күзеті тез іске кірісті: оққағарлар жанкүйерлерді итеріп, ол жерден аулақ әкетіп, футболшының жолын босатты. Ал қоршаудың арғы жағында тұрған халық «Криштиану! Криштиану!» деп айғайлап қала берген.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды