$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 02:00
Әлем

Таиланд пен Камбоджа арасындағы қақтығыста қаза тапқандар саны 32-ге жетті

Таиланд шекаралық аймаққа төрт әскери кеме жіберді

Таиланд пен Камбоджа арасындағы қақтығыста қаза тапқандар саны 32-ге жетті
Фото: Anadolu Ajansi

Таиланд пен Камбоджа арасындағы 24 шілдеде басталған шекаралық қақтығыс ушығып барады. Ресми мәлімет бойынша қаза тапқандар саны қазірдің өзінде 32 адамға жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Anadolu Ajansi-ге сілтеме жасап.

Khmer Times басылымының мәліметінше Камбоджа жағында 13 адамның қаза тапқаны расталды, оның 5-уі әскери қызметкер, 8-і бейбіт тұрғын. Тағы 50 бейбіт тұрғын жарақат алды. Таиланд 19 адам қаза тапқанын, оның ішінде 6 әскери қызметкер бар екенін хабарлады.

Шекарадағы әскери кемелер мен ұшақтар

Жағдай шиеленісіп тұр. Таиланд шекаралық аймаққа төрт әскери кеме жіберді, әуеден Тайландтың жойғыш ұшақтары да көрінді. Бангкок Камбоджадағы өз азаматтарын тез арада елден кетуге шақырды.

Дипломатиялық іс-шаралар сәтсіз аяқталды

24 шілдеде Малайзия премьер-министрі Анвар Ибрагим екі елдің басшыларымен келіссөз жүргізді, оған қоса халықаралық қауымдастық арағайындық жасады, соған қарамастан қақтығыс тоқтаған жоқ. Бангкок пен Пномпень ресми тұлғалары қақтығысты арандатты деп бір-бірін айыптауды жалғастырып жатыр.

Таиланд пен Камбоджа арасында шекара дауы бар

Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Таиланд пен Камбоджаның 817 шақырымдық (500 миль) ортақ шекарасы бойында аумақтық дау шешілмей келеді. Келіспеушіліктер бірнеше рет шиеленіске алып келді, 28 мамырда шекаралық келісімді бұзу салдарынан қысқа мерзімді қақтығыс болды. Ол кезде тараптар бейбіт келісімге келе алды.

Серіктес жаңалықтары