$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Франция президенті Палестинаның егемендігін мойындайтынын айтты

БҰҰ Бас Ассамблеясының күздегі сессиясында ол бұл шешімін ресми түрде жариялайды

Франция президенті Палестинаның егемендігін мойындайтынын айтты
Фото: AFP

Франция президенті Эммануэль Макрон Францияның Палестина мемлекетін 2025 жылдың қыркүйегінде Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында ресми түрде мойындайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасап.

«Таяу Шығыста әділ әрі тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету жөніндегі тарихи міндеттемесіне сай, Францияның Палестина мемлекетін мойындауы туралы шешім қабылдадым. Осыны биыл қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясында ресми түрде жариялаймын», - деп жазды Макрон «Х» әлеуметтік желісінде Палестина автономиясы басшысы Махмуд Аббасқа жолдаған хатын қоса тіркей отырып.

«Қарулы қақтығысты дереу тоқтату, барлық тұтқындарды босату және Газа халқына ауқымды гуманитарлық көмек көрсету қажет. Сондай-ақ ХАМАС-ты қарусыздандыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Газаны қалпына келтіру қажет», - деп қосты Макрон.

Палестиналық ресми тұлғалар Макронның шешімін қолдады, ал Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Франция мемлекетіне реніш білдірді.

Қазіргі таңда БҰҰ-ға мүше 193 елдің 140-тан астамы Палестина мемлекетін мойындаған. Олардың қатарында - Ресей мен Қытай, сондай-ақ Испания мен Польша сияқты бірнеше ЕО елдері бар.

Серіктес жаңалықтары