$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.05.2025, 20:00
Әлем

«Дәретхана шұңқырынан шығарып, тілгілеген»: Қырғызстанда сұмдық оқиға болды

Қырғызстанда жаңа туған нәрестені дәретханаға лақтырып, кейін шығарып, өткір затпен тілгілеп тастаған

«Дәретхана шұңқырынан шығарып, тілгілеген»: Қырғызстанда сұмдық оқиға болды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Қырғызстанның Баткен облысында жаңа туған баласын өлтірді деген күдікпен бойжеткен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Kaktus.media-ға сілтеме жасап.

Баланы өткір затпен тілгілеген

Порталдың құқық қорғау органдарына сілтеме жасап хабарлауынша, бірнеше күн бұрын 18 жастағы бойжеткен босанған соң сәбиді дәретхананың шұңқырына лақтырып жіберген, содан кейін баланы шығарып алып, өткір затпен тілгілеп тастаған.

Күдіктіні тәртіп сақшылары ұстады, бірақ қазір ол ауруханада жатыр.

Қылмыстық іс қозғалды. Сот-психиатриялық сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр.

Дәретханада есінен танып қалған

Еске сала кетейік, Өзбекстанда тәртіп сақшылары дәретхананың канализациясына түсіп кеткен сәбиді құтқарып қалған болатын.

Оқиға Самарқан облысының Нұрабад ауданындағы жедел медициналық жәрдем қызметінің дәретханасында болған. Жүкті әйел дәретханаға кірген бетте толғағы қысып, абайсызда босанып қойған. Ол сол жерде есінен танып қалған, ал шақалақ кәріз шұңқырына құлап кетіп, сол жерде кептеліп қалған. Куәгерлердің айтуынша, оқыс оқиғадан сәби тірі қалды.

Серіктес жаңалықтары