Ұмытылып кеткен лотерея билетінен 200 мың доллар ұтыс шықты
Ерлі-зайыпты жүлде ақшасын саяхатқа жұмсауды жоспарлап отыр

АҚШ-та Оңтүстік Каролина штатының тұрғыны лотерея билетінен қомақты ұтыс шыққанын білмей, оны бірнеше күн бойы әмиянында алып жүрген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
People басылымының мәліметінше билетті жеңімпаздың күйеуі сатып алған. Америкалық әйел оны әмиянына салып, ұмытып кеткен. Әйел билетті әмиянынан кездейсоқ тауып алған соң ғана тексерген. Үстіңгі қабатын өшіргеннен кейін ол 200 000 доллар (103 миллион теңгеден астам) ұтып алғанын білді.
«Ұтысқа қатты қуандым», - деп атап өтті әйел.
Америкалық әйел күйеуінің лотерея ойнайтын әдетіне енді алаңдамайтынын айтты.
Ерлі-зайыпты жүлде ақшасын саяхатқа жұмсауды жоспарлап отырғандарын айтты. Сонымен қатар ер адам бағын тағы да сынап көру үшін екі лотерея билетін сатып алуға шешім қабылдады.