$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.05.2025, 12:15
Әлем

Трамп АҚШ-тағы дәрінің бағасын 80 пайызға дейін арзандатпақ

Ол тиісті жарлыққа қол қояды

Трамп АҚШ-тағы дәрінің бағасын 80 пайызға дейін арзандатпақ
Фото: AP/ Evan Vucci

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында рецепт бойынша берілетін дәрі-дәрмектердің бағасын едәуір төмендетуге бағытталған жаңа атқарушы жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ақ үйде еліміздің тарихындағы ең маңызды жарлықтардың біріне қол қоямын. Бұл жарлық нәтижесінде дәрі-дәрмектердің бағасы 30-80% төмендейді», – деді ол.

Трамптың айтуынша, бұл бастама Most Favored Nation (ең қолайлы жағдай ұстанымы) саясатына негізделген.

«Біздің ел енді дәрі-дәрмекке әділетті баға төлейді. Басқа елдерден артық төлейтін уақыт аяқталды», – деп мәлімдеді Трамп.

Экс-президенттің мәлімдемесінде бұл жарлық АҚШ азаматтарының денсаулық сақтау саласына жұмсайтын шығындарын күрт азайтуға бағытталғаны айтылған.

«Халықтың денсаулыққа кететін шығыны бұрын-соңды болмаған деңгейде қысқарады», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары