02.05.2025, 09:52
Әлем
Бұндай құбылыс 116 жыл бұрын болған - Мәскеуде қалың қар жауып, дауыл орнады
Ауа райы салдарынан жарық та өшкен
Фото: Shot
Мәскеу мен оған іргелес аумақта көктемде қалың қар жауып, ағаш құлаған, көліктер қар астында қалды. Синоптиктердің айтуынша, бұндай құбылыс соңғы рет 116 жыл бұрын болған екен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
SHOT деректеріне сәйкес, ең көп зардап шеккен аумақ – Зеленоград. Тек өткен түні ғана тұрғын үйлердің аулаларында кемінде 20 ағаш құлаған, олардың біразы көліктердің үстіне құлаған. Матушкино ауданында электр сымдары үзіліп, жарық беру жүйесі бұзылған. Қазіргі кезде төтенше жағдайлар қызметінің мамандары оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.
Алдын ала есеп бойынша, кемінде 5 көлікке айтарлықтай зақым келген. Қар әлі де жауып жатқандықтан, толық шығын мөлшері анықталып жатыр.
Көп оқылған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
19.11.2026, 10:00
Ет - етке, сорпа - бетке: Астанаға мал сойып әкелетін делдалдар базардағы бағаға қалай ықпал етеді
19.11.2026, 12:32
Бас мүфти Астананың тамадаларын жинап алып, тойдағы ұятсыз ойындар туралы сөйлесті
19.11.2026, 17:27
Астанада қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген полковник 6 млн теңге айыппұл арқалады
19.11.2026, 09:29
Марқакөлде балалардың көзінше сынып жетекшісін балағаттаған оқушы 30 мың теңге айыппұл төлейтін болды
19.11.2026, 07:37
Елордада тұман түсіп, Шымкентте жаңбыр жауады - синоптиктер болжамы
