25.04.2025, 11:20
Әлем
Таиландта жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, бес адам қаза тапты (ВИДЕО)
Бір адам ауруғанада жатыр
Фото: 191 Emergency Centre
Таиландтың Пхетчабури провинциясында, Сиам шығанағына жақын маңда жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл оқиға 19 сәуір күні таңғы 8:15 шамасында тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Ұшақ Хуахин әуежайынан ұшып шығып, парашютпен секіруге арналған жаттығу рейсін орындау барысында құлаған. Апат Baby Grande Hua Hin қонақүйі маңында, жағажайға жақын аумақта болған.
Бортта болған алты адамның бесеуі оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір адам түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті. DHC-6-400 Twin Otter үлгісіндегі ұшақтың нақты не себептен құлағаны әзірге белгісіз.
Жергілікті билік пен құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп, апатқа қатысты тергеу бастады.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті