Голливудтың атақты актеры қазақ дастарханының қонағы болды (ВИДЕО)
Эрик Робертс Лос-Анджелестегі ауызашарға қатысқан

Голливудтың киножұлдызы Эрик Робертс Америкадағы қазақтардың ауызашарына қатысты. Оның видеосын Лос-Анджелесте тұратын отандасымыз Диас Мызалиев желіге жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бейнежазбада көрінгендей, актер Рамазан айына орай жайылған қазақ дастарханынан дәм татып, қонақ болған. Адамдар онымен суретке түсіп жатыр.
«Біздің арамызда Голливудтың нағыз жұлдызы Эрик Робертс жүр. Ол атақты актриса Джулия Робертстың туған ағасы», - деп жазды желі қолданушысы.
Диас Мырзалиев қазақтар дүниенің қай түкпірінде жүрсе де, өз салт-дәстүрін ұмытпайтынын айтады.
«Тігілген қара үйлер кештің сәнін келтіре түсті. Бір сәтке Қазақстанда жүргендей сезім болды. Бұл кеш бір нәрсені ұғындырды: қазақтың қонақжайлығы мен мәдениетінде шекара жоқ», - деп жазды отандасымыз.
68 жастағы Эрик Робертс 1980 жылдары аса танымалдыққа ие болған актер. Ол 700-дей фильм мен сериалдарға түсті.