31.03.2025, 15:46
Әлем
Мьянма халқы 7 күн бойы аза тұтады: жер сілкінісі 1700 адамның өмірін жалмады
Елдегі бүкіл мемлекеттік тулар төмен түседі
Фото: Thein Zaw, AP
Мьянма премьер-министрі Мин Аун Хлайн алапат зілзаладан кейін бір апталық қаралы күн жариялады. Бұл туралы Azattyq Rýhy AFP-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Аза тұту 31 наурыз бен 6 сәуір аралығында жалғасып, елдегі бүкіл мемлекеттік тулар төмен түседі.
28 наурызда Мьянмада күші 7,7 балдық жер сілкінісі болып өтті. Зілзаланың эпицентірі 1,5 млн жұрт қоныстанған Мандалай қаласы болды. Салдарынан 1700 адам көз жұмып, 3400 адам әртүрлі жарағат алған. Қазіргі күні 300 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.
Жер сілкінісі жақын жатқан Тайланд, Бангладеш, Лаос және Қытай мен Үндістанның кейбір бөліктерінде сезілген.
Мьянма билігі жер сілкінісінен кейін әлем елдерінен гуманитарлық көмек алып жатыр.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 16:02
Павлодарда дәрігерлер пойыз астына түскен жас жігіттің бір аяғын кесіп алып тастады: ол бәрібір қайтыс болды
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады