Оңтүстік Кореяда өрттен қаза тапқандар саны 24 адамға жетті
Олардың бәрі егде жастағы кісілер

Оңтүстік Кореяда алапат орман өртінен 24 адам қаза болды. Олардың көбі 60-70 жас аралығындағы қариялар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ВВС-дің жазуынша, 26 адам зардап шеккен, оның 12-сі ауыр халде жатыр. Билік 23 мың адамды қауіпсіз жерге көшірген.
Өрт өткен жұмада Санчхон ауданынан басталып, Ыйсон ауданына қарай жайылған. Ұлттық орман шаруашылығы институтының сарапшысы Ли Бён Дудың сөзінше, Ыйсондағы өрт көз ілеспес жылдымдықпен тарауда.
Тілсіз жауды ауыздықтауға мыңдаған өрт сөндірушілер, 5 мыңға жуық әскери қызметші, сондай-ақ Кореяда орналасқан АҚШ Қарулы Күштерінің тікұшақтары жұмылдырылған.
Қазірге дейін 17 мың гектар жер жанып кетті. Ыйсонда орналасқан біздің дәуірімізге дейінгі 618 жылы салынған үлкен Гоунса ғибадатханасы мен Чосон заманынан келе жатқан будда сәулет құрылысы күлге айналған.