22.03.2025, 00:19
Әлем
Украина мен Ресей дәл қазір жер бөлісіп жатыр – Трамп
Кеше Зеленский атысты тоқтатуға келіскендей болды
Фото: видеодан кадр
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасында атысты тоқтату және аумақты бөлу туралы келіссөздер жүріп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Ақ үйде журналистерге хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy «РИА Новости» порталына сілтеме жасап.
«Дәл қазір бұл мәселе талқыланып жатыр – біз жерді бөлу және басқа да жайттар жөнінде келіссөз жүргізіп жатырмыз», – деді Трамп.
Оның айтуынша, кейбір майдан аймақтарында атыс тоқтаған.
«Бүгінге дейін жағдай айтарлықтай жақсы бақылауда», – деп қосты ол.
Трамп сондай-ақ Ресей президенті Владимир Путинмен және Украина басшысы Владимир Зеленскиймен «жақсы қарым-қатынаста» екенін атап өтті.
«Қазірдің өзінде мәміленің нобайлары пайда болды», – деді АҚШ басшысы.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды