06.03.2025, 07:07
Әлем
Қазақстанның жолымен: Өзбекстанда шенеуніктерді кірісін декларациялауға міндеттемек
Көрші ел басшысы шұғыл түрде жаңа заңнама құрастыруды бұйырды
Фото: istockphoto.com
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев мемлекеттік қызметкерлердің кірістерін декларациялау туралы заң әзірлеу жөнінде тапсырма берді. Бұл туралы ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық кеңесінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекет басшысы шенеуніктерге заң жобасын жедел дайындап, қоғамдық талқылауға шығаруды және 1 сәуірге дейін үкіметке ұсынуды тапсырды. Оның айтуынша, қоғамның пікірі бұл мәселені шешуде айрықша маңызға ие.
Сонымен қатар құзырлы органдарға заңсыз байлық жинағаны үшін жауапкершілік енгізу мәселесін қарастыру жүктелді.
Жаңа заң жобасында:
- Заңсыз баю туралы бап енгізу,
- Мемлекеттік қызметшілердің декларацияда көрсетілген табысынан артық мүлкін заңды жолмен алғанын дәлелдеуі қарастырылған.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 16:02
Павлодарда дәрігерлер пойыз астына түскен жас жігіттің бір аяғын кесіп алып тастады: ол бәрібір қайтыс болды
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты