$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оңтүстік Кореяның жауынгері КХДР шекарасына абайсызда бомба тастап жіберген

Салдарынан 7 адам жарақат алды 

Оңтүстік Кореяның жауынгері КХДР шекарасына абайсызда бомба тастап жіберген
Фото: Yonhap/Reuters

Оңтүстік Кореяның әскерилері Солтүстік Кореяның шекарасына байқаусызда бомба тастап жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяның жауынгері әскери жаттығулар кезінде КХДР шекарасына жақын орналасқан Пхочхон қаласының тұрғындар тұратын ауданына 8 әуе бомбасын лақтырып жіберген, салдарынан 7 адам жарақаттанды.

«MK-82 маркалы 8 бомба KF-16 ұшағынан полигоннан тыс жерге абайсызда түсіп кетті», - деп хабарлады Оңтүстік Кореяның әскери-әуе күштері.

Алдын ала деректер бойынша, бір бомба ғана жарылған. Оқиға жергілікті уақытпен таңғы сағат 10.00 кезінде болды. Билік жергілікті тұрғындардың қауіпсіз жерге көшірілгенін айтты.

Жарылыстан 4 адам ауыр зардап шеккен, шіркеу мен тұрғын үйлерге зақым келген.

Оңтүстік Кореяның әскерилері бомбаның абайсызда түсіп кеткенін айтып, тұрғындардан кешірім сұрады. Олар оқиғаның жіті тексерілетінін және жапа шеккендерге көмек берілетінін хабарлады.

Yonhap дерегінше, Оңтүстік Корея мен АҚШ бейсенбіде Солтүстік Корея шекарасына жақын Пхочхон полигонында бірлескен жаттығулар өткізген. Оған 160-тан астам әскери техника жұмылдырылған.

Серіктес жаңалықтары