$ 499.11  521.12  5.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 11:40
Әлем

АҚШ-та доллардағы Бенджамин Франклиннің орнына Трамптың портретін салу ұсынылды

Оның заң бойынша енгізілуі күмәнді

АҚШ-та доллардағы Бенджамин Франклиннің орнына Трамптың портретін салу ұсынылды
Фото: istockphoto.com

Техас штатынан конгрессмен Брендон Гилл АҚШ-тың 100 долларлық купюрасына қазіргі және бұрынғы президент Дональд Трамптың бейнесін орналастыру туралы заң жобасын ұсынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Конгрессменнің ұсынысы бойынша, Бенджамин Франклиннің орнына Трамптың портреті бейнеленуі тиіс. Гиллдің айтуынша, бұл америкалықтардың 45-ші және 47-ші президентіне деген алғысын білдірудің бір жолы.

«Бұл – Трамптың алдағы төрт жылда қол жеткізетін жетістіктерін мәңгі есте қалдырудың ең аз дегендегі жолы», – деді Гилл Fox News арнасына берген сұхбатында.

Заң жобасына сәйкес, АҚШ-тың қаржы министрлігі жаңа банкнота дизайнын әзірлеуі тиіс. Алайда, купюра 2029 жылдан ерте айналымға шықпайды. Соңғы рет 1929 жылы АҚШ-та банкноттағы тұлға ауысқан болатын – Эндрю Джексон 20 долларлық купюрада Гровер Кливлендтің орнын басқан.

Ақпан айының соңында Оңтүстік Каролинадан сайланған конгрессмен-республикашыл Джо Уилсон 250 долларлық банкнот шығарып, оған Дональд Трамптың суретін орналастыруды ұсынған. Ол бұл бастамасын «байденфляция» экономикаға кері әсер етіп, халықтың қолма-қол ақша алып жүруіне мәжбүр болғанымен түсіндірді.

Алайда, New York Post басылымының жазуынша, 1866 жылғы заң тірі адамдардың бейнесін АҚШ валютасында орналастыруға тыйым салады. Сондықтан бұл бастама заң жүзінде жүзеге аспауы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары