18.02.2025, 09:33
Әлем
Канададағы ұшақ апатынан 18 адам зардап шекті
Қаза тапқандар жоқ
Фото: BBC
Delta Airlines компаниясының Bombardier CRJ900LR ұшағы апатынан зардап шеккендер саны 18 адамға жетті. Лайнер Торонто әуежайына қонар кезде аударылып қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасап.
Бортта 76 жолаушы, 4 экипаж мүшесі болған. Қаза тапқандар жоқ. Ұшақ Американың Миннеаполис қаласынан Торонтоға ұшып келе жатқан.
Апттың себебі анықталып жатыр. Бұдан бұрын 2 бала мен бір ересек адамның ауыр жарақат алғаны айтылған еді, бірақ әуежай басшылығы мұны жоққа шығарды. Дебора Флинттің айтуынша, апаттан кейін ауыр халде жатқан адамдар жоқ.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады