$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.02.2025, 10:07
Әлем

Аргентина президенті алаяқтық жасады деп айыпталды

Хавьер Милей криптовалюта схемасы үшін айыпталып жатыр

Аргентина президенті алаяқтық жасады деп айыпталды
Фото: AP Photo / Jose Luis Magana

Аргентина президенті Хавьер Милейге қатысты 100-ден астам сот талап-арызы түсті. Оған әлеуметтік желілерде криптовалюта схемасын жарнамалағаны үшін алаяқтыққа қатысы бар деген айып тағылып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Арыздарда мемлекет басшысы алаяқтық, мемлекеттік қызметке сай келмейтін қызметпен айналысу, қылмыстық сөз байласу және басқа да заңбұзушылықтар жасады деп көрсетілген. Бұл талап-арыздарды қарау үшін прокурор Эдуардо Тайано мен судья Мария Сервини тағайындалды.

2024 жылғы 14 ақпанда Хавьер Милей X (бұрынғы Twitter) желісінде криптовалюта арқылы шағын бизнесті инвестициялауға көмектесетін жоба туралы ақпарат жариялаған. Алайда, қоғам тарапынан сын көбейген соң, ол жазбасын өшіріп, бұл жоба туралы толық білмегенін мәлімдеді. Дегенмен, 15 ақпанда президент кеңсесі жариялаған мәлімдемеде Милей осы жобаның өкілдерімен кемінде екі рет кездесіп, оны талқылағаны расталды.

Милейдің бастапқы жарияланымынан кейін жобада қолданылған криптовалюта бағасы $5-қа дейін көтеріліп, артынша $1-дан төмен түскен. Нәтижесінде шағын инвесторлар үлкен шығынға ұшырап, аз ғана топ миллиондаған доллар пайда көрген.

Бұл жайт оппозицияның сынына ұшырап, президентке қызметіне немқұрайлы қарау, ақша жымқыру және мемлекеттік лауазымға сай келмейтін қызмет атқару сияқты айыптар тағылды. «Союз за Родину» партиясының депутаттары президентке импичмент жариялау туралы ұсыныс жасайтынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары