$ 489.15  533.47  5.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Илон Масктың 13-ші баласы дүниеге келді

Әйгілі өнертапқыш 53 жасында 13-ші рет сәби сүйіп отыр 

Илон Масктың 13-ші баласы дүниеге келді
Фото: @elonrmuskk

Миллиардер Илон Масктың 13-ші баласы дүниеге келді. Бұл туралы сәбидің анасы, америкалық жазушы Эшли Сент-Клер Х желісіндегі парақшасында жазды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі nbcdfw онлайн басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

26 жастағы Эшли Сент-Клер баланың былтыр өмірге келгенін айтып, бірақ сәбидің қауіпсіздігі үшін жаңалықты қоғамнан жасырған.

«Бес ай бұрын мен балалы болдым. Оның әкесі - Илон Маск. Сәбиіме кесірі тимесін деп бұл туралы айтпадым, бірақ кейінгі кездері ақпарат құралдары аңдып жүр, олар балаға зиян боларын біле тұра шындықты ашқысы келеді», - деп жазды ол желіде.

Илон Масктың өзі бұл туралы әзіргепікір білдірген жоқ.

Айта кетсек, миллиардер жақында АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігіне енген. Ол Ақ үйде арнайы мемлекеттік қызметкер ретінде жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары