Өзбекстан ғарышқа спутник ұшырмақ
Қазір бірнеше елмен келіссөз жүргізіп жатыр

Бұл туралы «Өзбекғарыш» компаниясы аэроғарыштық қызмет және ғарыш мониторингі жүйелерін дамыту бөлімінің бастығы Мухиддин Ибрагимов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгінде Өзбекстан 600 мыңнан 1 млн шаршы шақырымға дейінгі аумақты қамтитын спутник суреттерін өзі өңдей алады. Қазір біз жерді қашықтан зондтаумен айналысатын жерсеріктерді іске қосуды жоспарлап отырмыз. Ол үшін тиісті ұсыныстар әзірлеп жатырмыз және бірнеше елмен келіссөз бастадық», – деді Мухиддин Ибрагимов.
Ол Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдермен бірлескен зерттеу жобасы қолға алынғанын атап өтті. Қазір ғылыми зерттеулер жүргізетін спутник құрастырылу үстінде. Жерсерікті жасауға «Өзбекғарыш» агенттігінің мамандары да жұмылдырылады.
«Аталған спутникті 2026 жылы ғарышқа шығару жоспарланған. Айта кетейін, бұл жерсерік Өзбекстанның төл өнімі емес, біздің мамандар тек кейбір құрастыру жұмыстарына қатысады», – деді ол.