18.01.2025, 21:45
Әлем
Трамп өзінің криптовалютасын шығармақ
Алғашқы күні 200 млн, кейінгі үш жылда 1 млрд монета сатылады деп жоспарланып отыр
Фото: istockphoto.com
Алғашқы сағатта Дональд Трамптың криптовалютасын капитализациялау 3 млрд долларға жетті, ал бір жарым сағаттан кейін ол 4,3 млрд долларға жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі DW сайтына сілтеме жасап.
«Жеңіс: біз бәрін атап өтетін боламыз, сол күн келді. Менің ерекше қауымдастығыма қош келдіңіздер», – деп жазды жақында сайланған АҚШ-тың президенті.
Трамп сайлау кезінде криптоиндустрияны қолдаған жалғыз үміткер болды. Ол жеңіске жеткен соң биткоинның құны рекордтық деңгейге дейін өсіп, 100 мың АҚШ долларынан асып кетті.
Көп оқылған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
19.11.2026, 10:00
Ет - етке, сорпа - бетке: Астанаға мал сойып әкелетін делдалдар базардағы бағаға қалай ықпал етеді
19.11.2026, 17:27
Астанада қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген полковник 6 млн теңге айыппұл арқалады
19.11.2026, 12:32
Бас мүфти Астананың тамадаларын жинап алып, тойдағы ұятсыз ойындар туралы сөйлесті
