$ 524.75  540.6  5.12
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оңтүстік Корея президентінің телефоны тексеріліп жатыр

Полиция президентке қатысты маңызды құжатты қолға түсірген 

Оңтүстік Корея президентінің телефоны тексеріліп жатыр
Фото: Yonhap

Полиция Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёлдің телефонындағы хабарламаларды тексеріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Yonhap агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Арнайы тергеу тобы 3 желтоқсанда Юн Сок Ёлдің елге әскери жағдай жариялаған кезде кімдермен сөйлескенін анықтап жатыр. Сондай-ақ полиция Юнның президенттің қауіпсіздік қызметімен сөйлескен құпия телефонын алуға тырысады. Құқық қорғау органдары елде әскери жағдай жарияланбас бұрын президенттің Қаржы министріне берген құжатын қолға түсірген. Онда Ұлттық Ассамблеяның операциялық шығыстарын қысқарту және заң шығарушы органның бюджетін соғыс жағдайына бейімдеу туралы шаралар баяндалған.

Еске салайық, Оңтүстік Кореяда әскери жағдай жариялаған президент Юн Сок Ёл қызметінен шеттетілген. Оны Біріккен құқық қорғау тобы 25 қаңтарда тергемек.

Серіктес жаңалықтары