Бүгін, 06:28
Әлем
Түркияның оңтүстігінде жер сілкінді
Жер сілкінісінің ошағы 7 шақырым тереңдікте орналасқан
Фото: istockphoto.com
Түркияның оңтүстігіндегі Османие провинциясының Сумбас ауданында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы 7 шақырым тереңдікте орналасқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Түркияның Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар басқармасының (AFAD) мәліметінше, жер сілкінісі сағат 14:43-те (Астана уақытымен 16:43) болған.
Жер сілкінісінің эпицентрі Сумбас ауданында орналасқан. Ошақ 7 шақырым тереңдікте тіркелді.
Сондай-ақ Адана провинциясының Саймбейли ауданында екі жер сілкінісі болды. Оның бірінің магнитудасы 4,8 болса, екіншісі 4,9-ды құраған. Олар сағат 14:19 және 14:36-да тіркелді.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)