27.09.2026, 22:19
Әлем

Трамп Иранның Ормуз бұғазын жеті күн ішінде ашу туралы ұсынысын қабылдамады

Тегеран бұғазды ашу және ядролық келіссөздерді қайта бастау жоспарын ұсынған

Трамп Иранның Ормуз бұғазын жеті күн ішінде ашу туралы ұсынысын қабылдамады
Фото: PBS Newsра

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның Ормуз бұғазын жеті күнге ашу туралы ұсынысын қабылдамады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап.

The Wall Street Journal мәліметінше, Иран ұсынған жоспарға сәйкес, бұғаз жеті күн ішінде ашылып, ядролық бағдарлама бойынша келіссөздер қайта басталуы тиіс болған. Оның орнына Тегеран Вашингтоннан теңіз блокадасын алып тастауды және Иран мұнайын сатуға салынған санкцияларды тоқтатуды, сондай-ақ Ливанды да қамтитын атысты тоқтату режимін сақтауды талап еткен.

Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи келісімдерді жүзеге асырудың алғашқы қадамдары төрт-бес күнге созылатынын, содан кейін бұғаздың ашылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, жетінші күні Иран мен АҚШ арасында келіссөздер басталуы тиіс болған.

WSJ мәліметінше, Трамп көмекшілеріне Иран ұсынған нұсқадан бас тартатынын айтқан. Басылым сондай-ақ АҚШ президенті қарашада өтетін аралық сайлаудан кейін Иранға соққыларды қайта бастауды күтіп отырғанын жазды.

Кейін Трамп Иран ұсынысынан бас тартқанын көпшілік алдында растады. AP агенттігінің хабарлауынша, бұдан кейін АҚШ президенті әлеуметтік желіде Ормуз бұғазы «Трамп бұғазы» деп қайта аталған суретті жариялаған.