03.07.2026, 23:29
Әлем

Индонезия жағалауында 6,2 магнитудалы жер сілкінісі болды

Жерасты дүмпуінің ошағы Тернате қаласынан солтүстікке қарай 115 шақырым жерде тіркелді

Индонезия жағалауында 6,2 магнитудалы жер сілкінісі болды
Фото: © istockphoto.com

Индонезия жағалауында магнитудасы 6,2 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына (EMSC) сілтеме жасап.

Сейсмологтардың мәліметінше, жерасты дүмпулерінің эпицентрі шамамен 101 мың адам тұратын Тернате қаласынан солтүстікке қарай 115 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 121 шақырым тереңдікте болған.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер, қаза тапқандар немесе қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Венесуэлада күшті жер сілкінісі болған еді. Ол кезде араға шамамен 40 секунд салып магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі жерасты дүмпуі тіркелген. Кейін үйінді астында бұрынғы сұлулық ханшайымы мен оның сүйіктісі қаза тапқаны белгілі болды.