02.07.2026, 09:47
Жаңалықтар
Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2295 адамға жетті
Жойқын жер сілкінісі ғимараттарға да әсер етті
Фото: Getty Images
Бұл туралы 1 шілдеде елдің Ұлттық ассамблеясының спикері Хорхе Родригес мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қаза тапқандар саны 2295 адамға жетті», – деп оның сөзін Al Arabiya басылымы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында келтірді.
Спикердің айтуынша, табиғи апат салдарынан зардап шеккендер саны 11,2 мыңнан асты.
Венесуэлада жер сілкінісі 24 маусым күні болды. Оның эпицентрі Валенсия қаласынан солтүстік-батысқа қарай 60 шақырым жерде және Сан-Фелипе қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 28 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 7,5 баллды құрады. Бұл 1900 жылдан бергі елдегі ең күшті жер сілкінісі болды.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 16:26
Теміртауда бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
