Қырғызстанның бұрынғы ҰҚМК басшысына 9 жыл түрме жазасы сұралды
Прокурорлар Камчыбек Ташиев пен іс бойынша өтіп жатқан өзге айыпталушыларға тоғыз жыл түрме жазасын сұрады
Қырғызстанда бұрынғы ҰҚК басшысына 9 жыл түрме жазасы сұралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокурорлар Камчыбек Ташиев пен іс бойынша өтіп жатқан тағы жеті бұрынғы лауазымды тұлғаны тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Бішкектің Первомай аудандық сотында Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Камчыбек Ташиевке қатысты қылмыстық істі қарау жалғасып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Соттағы жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушылар Ташиевке тоғыз жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Онымен бірге бұл іс бойынша Қырғызстанның бұрынғы бас прокуроры Курманкул Зулушев, Жогорку Кенештің экс-төрағасы Нурланбек Тургунбек уулу, сондай-ақ бұрынғы шенеуніктер Бекболот Талгарбеков, Курсан Асанов, Курманбек Дыйканбаев, Аалы Карашев және Эмиль Узакбаев жауапқа тартылып жатыр. Мемлекеттік айыптау тарапы олардың әрқайсысына да тоғыз жыл түрме жазасын сұрады.
Қазіргі уақытта сотта тараптардың жарыссөзі жалғасуда.
Адвокат Икрамидин Айткуловтың айтуынша, таңертеңгі сот отырысында Камчыбек Ташиев прокурорларға айыптаудан бас тартуды ұсынған. Қорғаушылар бұл ұсынысты қолдағанымен, мемлекеттік айыптау тарапы оған ешқандай жауап бермеген.