Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан 1100-ден астам бала зардап шекті
БҰҰ Бас хатшысы соғыс қимылдарын дереу тоқтатуға шақырды
Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыстың салдары аймақтағы миллиондаған бала үшін «апатты сипат» алып барады. Бұл туралы БҰҰ Балалар қоры ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұйымның соңғы деректеріне сәйкес, ағымдағы жылдың 28 ақпанында АҚШ пен Израильдің Иран аумағына жасаған алғашқы әскери соққыларынан бері 1100-ден астам бала жарақат алып немесе қаза тапқан.
- Иранда шамамен 200 бала;
- Ливан: 91 бала;
- Израиль: 4 бала;
- Кувейт: 1 бала.
«Балаларды өлтіру мен мүгедек етуге, сондай-ақ олардың өмірі тікелей тәуелді болып отырған маңызды қызмет көрсету жүйелерінің бұзылуына ешқандай ақтау жоқ», – деп атап өтті ұйым өкілдері.
ЮНИСЕФ БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің соғыс қимылдарын дереу тоқтатып, дипломатиялық келіссөздерді бастау туралы үндеуін толық қолдайтынын білдірді.
Ұйым қақтығысушы тараптарды халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын сақтауға және бейбіт тұрғындарға, әсіресе балаларға келетін зиянды барынша азайту үшін барлық сақтық шараларын қабылдауға шақырды.