Мұнай үшін күрес күшейді: 32 мемлекет нарыққа рекордтық көлемде шикізат жібереді
Әлемдегі мұнай қорын ұстап отырған елдер нарыққа рекордтық көлемде мұнай шығаруға келісті
Ирандағы соғыс пен соның салдарынан энергия тасымалдаушылар бағасының күрт өсуі аясында Халықаралық энергетикалық агенттікке (ХЭА) мүше елдер ұлттық қорларынан бұрын-соңды болмаған көлемде мұнай босататын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy DW-ге сілтеме жасап.
ХЭА құрамындағы 32 мемлекет төтенше жағдай туындаған кезде өз қорларынан нарыққа 400 миллион баррель шикі мұнай шығаруға бірауыздан келіскен. Бұл туралы ұйым Парижде өткен кезектен тыс отырыстың қорытындысында мәлімдеді.
ХЭА дерегінше, бірқатар елдер қосымша шұғыл шаралар қабылдамақ.
«Мұнай нарығында қазір біз бетпе-бет келіп отырған сын-қатерлер ауқымы жағынан бұрын-соңды болмаған», – деп түсіндірді бұл шешімді агенттік басшысы Фатих Бироль.
Оның айтуынша, мұнай нарығы жаһандық сипатқа ие, сондықтан ірі іркілістерге берілетін жауап та жаһандық деңгейде болуы тиіс.
Өз кезегінде dpa агенттігі ХЭА елдері бірлесіп өткізген акция барысында мұндай ауқымдағы мұнай көлемі бұрын ешқашан босатылмағанын атап өтті.
Бұл қадам Ирандағы соғыс пен әлемдік мұнай саудасының шамамен 20 пайызы өтетін Ормуз бұғазының бұғатталуы салдарынан ауыр жағдайда тұрған нарықты тұрақтандыруға бағытталған.