Атақты режиссер мен актрисаның ұлы әке-шешесін өлтірді деп айыпталды
Роб пен Мишель Райнерді өз үйінде пышақтап кеткен
Әйгілі Голлувуд режиссері әрі актер Роб Райнер мен оның жұбайы актриса Мишель Сингер Райнердің ортаншы ұлы Ник Райнер әке-шешесін өлтірді деген айыпқа ілікті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол сотта өз позициясын жариялаған жоқ, судья құқығын түсіндіргеннен соң, аузынан «иә, құрметті сот» деген үш сөз ғана шықты. ВВС хабарлауынша, келесі сот отырысы 7 қаңтарға жоспарланған. Әзірге Райнерлердің басқа балалары қаралы отбасын құрметтеуді, бауырларына қатысты айыпты талқыламай, мейірімділік пен адамгершілік танытуды сұрады. Соттан кейін Райнердің адвокаты Алан Джексон журналистерге қылмыстық істе өте күрделі және маңызды сұрақтар барын, оларды мұқият әрі жан-жақты қарастыру қажет екенін мәлім еткен.
Роб Райнер мен Мишель Сингер Райнер Лос-Анжеластегі үйінде пышақтап кеткен. Олардың денесін қыздары тауып алған. Осыдан кейін Ник Райнерге екі адамды қасақана өлтіру фактісі бойынша айып тағылды.
32 жастағы Ник Райнер жасөспірім кезінен есірткіге тәуелді болған. Кейін есірткіні тастағанымен, бұл оның денсаулығына әсер етпей қоймады. Америкалық ақпарат құралдары Ник кісі өлтіруге дейін ата-анасымен Голливуд кешінде жанжалдасқаны туралы жазды.
Егер айып дәлелденсе, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы тағайындалуы мүмкін.
Айта кетсек, қайтыс болған режиссер әрі актер Роб Райнер өмірінде 20-дас аса фильм түсірді, соған қарамастан Амриканың киносүйер қауымының сүйіктісіне айнала білген. Әсіресе «Мизери», «Принцесса-невеста», «Когда Гарри встретил Салли» фильмдері атақты болды.
1980 жылдары режиссерлік карьерасын бастаған ол алғашқы жұмысын псевдодокументалды «This Is Spinal Tap!» фильмімен бастаған. Аталған картина культке айналып, «ең үздік фильмдер» мен «ең үздік комедиялар» тізіміне енген. 2025 жылдың қыркүйегінде осы фильмнің жалғасы ретінде «Spinal Tap 2» жарық көрді.
Оның актер ретінде түскен жұмыстарының қатарында «Неспящие в Сиэтле», «Волк с Уолл-Стрит» және «This Is Spinal Tap!» туындылары бар.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама, бұрынғы вице-президент Камала Харрис, Калифорния штатының губернаторы Гэвин Ньюсом Роб Райнер мен оның жұбайының қазасына қайғырып, жақындарына көңіл айтты.
Роб пен Мишель Райнер 1989 жылы шаңырақ көтерген. Ерлі-зайыптының үш баласы бар, ал Робтың актриса әрі режиссер Пенни Маршалмен некесінен асырап алған қызы, актриса Трейси Райнер қалған.