$ 503.89  587.54  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Трамп АҚШ-та 45 жылға сотталған Гондурас елінің бұрынғы президентіне рақымшылық берді

Айтуынша, оған ауыр жаза тағайындалған 

Трамп АҚШ-та 45 жылға сотталған Гондурас елінің бұрынғы президентіне рақымшылық берді
Фото: Elmer Martinez/The Associated Press

Гондурас елінің бұрынғы президенті Хуан Орландо Эрнандес АҚШ-тағы түрмеден босатылды. Ол өткен аптада президент Дональд Трамптың рақымшылық туралы бұйрығына ілінген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

АҚШ федералдық тұтқындар деректер базасына сәйкес, Эрнандес дүйсенбі күні Батыс Вирджиния штатындағы Хейзелтон түрмесінен босатылған. Сейсенбі күні оның жұбайы Ана Гарсия де Эрнандес әлеуметтік желіде күйеуінің бостандыққа шыққанын хабарлап, Трампқа алғысын білдірді.

2024 жылдың наурызында АҚШ соты Эрнандесті «елге кокаин тасымалдау, автомат қаруды заңсыз ұстау» деген айыппен, 45 жылға соттаған болатын. Сонымен қатар, оған 8 миллион доллар айыппұл салынған. Трамптың айтуынша, Эрнандеске «қатал әрі әділетсіз» кінә тағылған.

Эрнандес 2014 жылдан 2022 жылға дейін Гондурас президенті болған. Ол президенттік қызметінен кеткен соң, 2022 жылдың ақпанында ұсталып, сәуірде АҚШ-қа экстрадицияланған. Америкалық билік оны есірткі саудасына қатысы бар деп айыптаған, оның ішінде жүздеген тонна кокаинді АҚШ-қа жеткізуге көмектесті деп көрсеткен.

Нью-Йорктегі сотта прокурорлар Эрнандесті Гондурасті «есірткі мемлекетіне» айналдырды деп айыптаған. Ол есірткі саудагерлерінен миллиондаған доллар пара алғаны айтылған.

Серіктес жаңалықтары