$ 512.53  592.43  6.53
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 06:08
Әлем

АҚШ-та белгісіз біреу баланың туған күн кешіне кіріп келіп, 4 адамды өлтірді

Трагедия банкет залында болған

АҚШ-та белгісіз біреу баланың туған күн кешіне кіріп келіп, 4 адамды өлтірді
Фото: istockphoto.com

29 қараша күні АҚШ-тың Стоктон қаласында белгісіз біреу баланың туған күні тойланып жатқан жерге кіріп келіп, төрт адамды атып өлтірді, тағы 10 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Олардың арасында балалар да бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Hindustan Times газетінің жазуынша трагедия банкет залында болған.

«Кішкентай балалардың жарақат алғанын қабылдау қиын екен», - дейді Сан-Хоакин округі шерифінің өкілі Хизер Брент.

Қаза тапқандардың кім екені әзірге анықталған жоқ. Қалалық кеңес мүшесінің айтуынша, марқұмдар сегіз бен 22 жас аралығында болған. Жарақат алғандардың жағдайы туралы ақпарат жарияланбады.

Еске сала кетейік, Нью-Йорктің Манхэттен ауданындағы зәулім ғимаратта психологиялық ауытқуы бар жас жігіт 4 адамды атып өлтіріп, бір адамды жарақаттаған болатын. Кейін өз-өзіне қол жұмсаған.

Серіктес жаңалықтары