$ 542.03  627.29  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Нью-Йорктегі биік ғимаратқа шабуыл жасаған жігіт 4 адамды атып тастады

Кейін өзін атып тастаған 

Нью-Йорктегі биік ғимаратқа шабуыл жасаған жігіт 4 адамды атып тастады
Фото: REUTERS/Bing Guan

Нью-Йорктің Манхэттен ауданындағы зәулім ғимаратта психологиялық ауытқуы бар жас жігіт 4 адамды атып өлтіріп, бір адамды жарақаттады. Кейін өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Reuters жазуынша, автоматпен қаруланған Лас-Вегас қаласының 27 жастағы тұрғыны Шейн Тамура Ұлттық футбол лигасының (NFL) штаб-пәтері мен бірқатар ірі қаржы ұйымдарының кеңселері орналасқан ғимаратқа кіріп, адамдарға оқ жаудырған.

Құрбандардың бірі – Нью-Йорк полиция департаментінің 36 жастағы қызметкері Дидарул Ислам. Ол АҚШ-қа Бангладештен келген, екі баланың әкесі. Тағы үш адамның көз жұмғаны хабарланды. Бір ер адам ауыр жарақатпен ауруханаға жатқызылған.

Полиция комиссары Джессика Тиштің айтуынша, Шейн Тамура шабуылды жалғыз өзі жасаған, оның не үшін қылмысқа барғаны әзірге белгісіз. Ол ғимараттың вестибюлінен бастап оқ атып, 33-қабаттағы басқарушы компания кеңсесіне лифтпен көтерілген. Қан төгіс оның өз-өзін атуымен аяқталды.

Қазір құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Серіктес жаңалықтары