$ 546.36  630.44  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.07.2025, 08:00
Әлем

ChatGPT қолданушылары үшін жағымсыз жаңалық жарияланды

Егер ChatGPT-мен жеке мәселені талқылап, артынан сотқа тартылсаңыз, бұл деректерді беруге тура келуі мүмкін

ChatGPT қолданушылары үшін жағымсыз жаңалық жарияланды
Фото: freepik.com

OpenAI бас директоры Сэм Альтман ChatGPT қолданушыларының сервиспен оңаша сөйлесуі кейбір жағдайларда сотта дәлел ретінде қарастырылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Business Insider жазды.

«Егер сіз ChatGPT-мен жеке мәселені талқыласаңыз, содан кейін сотқа тартылсаңыз, бұл деректерді беруге мәжбүр болуыңыз мүмкін. Мен бұл дұрыс емес деп ойлаймын», - деді Альтман.

Ол заңгерлермен және психотерапевтермен сөйлесу құпиялылығы заңмен қорғалатынын атап өтті және осындай шаралар жасанды интеллект жүйелерімен өзара қарым-қатынас жасағанда да қолданылуы керек деген пікір білдірді.

Бұған дейін әлемдік БАҚ ChatGPT кейбір қолданушыларды психикалық дағдарысқа ұшыратқаны туралы жазған болатын. Олардың бірі қайғылы жағдаймен аяқталған.

Еске сала кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ChatGPT-ге қатысты пәтуа шығарды. 

«Жасанды интеллектіден діни үкім (пәтуа) сұрауға болмайды. Себебі ЖИ діни мәселелерде қате жауап беруі мүмкін. Бұған бірнеше себеп бар», - дейді ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі.

Серіктес жаңалықтары