$ 542.03  627.29  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.07.2025, 11:06
Әлем

Дональд Трамп Си Цзиньпиннен Қытайға шақырту алғанын айтты

АҚШ президенті Қытайға сапарға қатысты мәлімдеме жасады

Дональд Трамп Си Цзиньпиннен Қытайға шақырту алғанын айтты
Фото: AP/Manuel Balce Ceneta

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу туралы тараған ақпараттарға қатысты пікір білдіріп, Қытайдан ресми шақырту алғанын, алайда кездесуді өзі бастама етіп ұсынбағанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Жалған ақпарат тарататын медиалар менің Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен саммит өткізуді көздеп жүргенімді айтып жатыр. Бұл шындыққа жанаспайды. Мен ештеңе іздеген жоқпын», – деп жазды ол Truth Social желісіндегі парақшасында.

Ол сондай-ақ Қытайға шақырмаса бармайтынын атап өткен.

«Мен Қытайға тек Си Цзиньпин жолдаған ресми шақыру арқылы барамын. Бұл шақырту маған келді. Басқа жағдайда мен бұл сапарға қызығушылық танытпаймын», – деп қосты ол.

Осыған дейін Трамп пен Путин Қытайда кездесуі мүмкін екені жайлы айтқан едік.

Серіктес жаңалықтары