$ 516.86  598.68  6.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қандаланың уынан көз жұмған – Түркияда түгелдей қаза тапқан отбасы тамақтан уланбаған болып шықты

Отбасында 2 бала болған 

Қандаланың уынан көз жұмған – Түркияда түгелдей қаза тапқан отбасы тамақтан уланбаған болып шықты
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

Ыстамбұлда бір отбасының қаза табуына қонақ үйде қолданылған уытты пестицид себеп болуы мүмкін. Түркияда фосфин газынан улану дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еuronews жазғандай, Германиядан келген отбасы Ыстамбұлдың Фатих ауданындағы қонақүйге орналасқан. 12 қарашада отбасы мүшелерінің жүрек айнып, құсып, ауырған соң ауруханаға барған. Оларға алғашқы көмек көрсетіліп, қонақүйге қайта жіберілген. Алайда келесі күні жағдай күрт нашарлаған.

Сол күні 6 жастағы Кадир Мұхаммед пен 3 жастағы Масал көз жұмды. Балалардың анасы Чигдем 14 қарашада, ал әкесі Сервент 17 қарашада қайтыс болған.

Ыстамбұлдың денсаулық сақтау басқармасы екі баланың өлімінен кейін оқиға бойынша тексеріс басталғанын мәлімдеді. Прокуратураға жолданған алдын ала сараптама қорытындысына сай, қонақүй нөмірінен алынған сүлгілер мен төсек жаймалардан инсектицидтің метаболиті – фосфин газы анықталған. Сол арқылы тамақтан улану туралы бастапқы болжамдар жоққа шығарылды.

Сол қонақүйде тұрған тағы екі турист те дәл осындай шағыммен ауруханаға түскені белгілі болды. Оқиғаға қатысты 11 адам қамауға алынды. Қонақүй жұмысы уақытша тоқтатылды.

Серіктес жаңалықтары