$ 518.68  600.27  6.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

АҚШ-тың екі әскерін атып тастаған адам Ауғанстан азаматы болып шықты

Оқиға тура Ақ үйдің алдында болған 

АҚШ-тың екі әскерін атып тастаған адам Ауғанстан азаматы болып шықты
Фото: Getty Images

Ақ үйдің алдында болған атыстан кейін Вашингтонға 500 әскер жіберілетін болды, деп хабарлайды Azattyq Ryhy. 

ВВС хабарлағандай, АҚШ Ұлттық гвардиясының екі қызметкерін Ақ үйдің алдында атып кеткен. Олардың ауыр халде ауруханаға жатқызылды. Федералды тергеу бюросы басшысы Кэш Патель шабуыл жасаған адам да жараланып, оқиға орнында ұсталғанын мәлімдеген. Күдікті 2021 жылы Ауғанстаннан АҚШ-қа келген Рахманулла Лаканвала деген адам екені айтылды.

Колумбия округінің мэрі Мюриел Баузер Ұлттық гвардия сарбаздарына қастандық жасалған. Президент Дональд Трамп мұны террорлық әрекет деп атады.

«Екі ұлттық гвардия жауынгерін атып кеткен жыртқыш ауыр жараланған, бірақ соған қарамастан ол өте қатаң түрде жазаланады», - деді президент Truth Social желісіндегі жазбасында.

Оқиғадан кейін АҚШ азаматтық және иммиграция қызметі (USCIS) Ауғанстан азаматтарына қатысты барлық иммиграциялық өтініштерді белгісіз мерзімге тоқтататынын хабарлады.

Трамп әкімшілігі биыл тамызда Вашингтондағы қылмыспен күресуге көмектесу үшін қалаға 800 әскери қызметкер жіберген болатын. Трамп сол кезде Вашингтондағы барлық панасыздарды қаладан шығару керектігін де мәлімдеді. Сонымен қатар ол қылмысқа қарсы күрес шаралары аясында Вашингтон полициясын федералдық бақылауға алатынын айтқан.

Тамыз айының соңынан бастап Трамптың бұйрығымен Ұлттық гвардияның кейбір бөлімшелері астана көшелерінде қызмет атқарғанда табельдік қару алып жүруге кірісті. Кейінірек Нацгвардия сарбаздары Лос-Анджелес пен Чикаго қалаларына да жіберілген.

Серіктес жаңалықтары