ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейде жалға берілетін пәтерлер мен есепте тұрған тұлғалар тексеріледі

Науқан бір айға жалғасады

Семейде жалға берілетін пәтерлер мен есепте тұрған тұлғалар тексеріледі
Фото: gov.kz

2025 жылғы 1 қыркүйек пен 1 қараша аралығында Семей қаласында республикалық деңгейде ұйымдастырылатын «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде заң мен тәртіпті күшейту, құқық қорғау жүйесін халыққа жақындату қажеттігін үнемі атап өтеді.

Осы орайда басталған іс-шараның басты мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстардың жолын кесу, тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнату және халықтың полицияға деген сенімін арттыру.

Осы кезеңде учаскелік полиция инспекторлары көпқабатты үйлерді, аулаларды, саябақтарды және халық көп жиналатын орындарды аралап, азаматтармен профилактикалық әңгімелер жүргізуде. Сонымен қатар, жалға берілетін пәтерлер, қару иелері және есепте тұрған тұлғалар да тексеруден өтеді.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, мұндай іс-шаралар қылмыстың алдын алуға, полиция мен халық арасындағы байланысты нығайтуға және қоғамдық тәртіпті күшейтуге мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары