Ақтаулық әйел алаяқтарға алданып, 4,4 млн теңге несие алған: сот арқылы 2 млн теңгесін қайтарды
Алаяқтар әйелді 4,4 млн теңге несие алуға көндірген
Ақтаулық әйел өзін ХҚКО, банк және киберполиция қызметкері ретінде таныстырған алаяқтардың арбауына түсіп, 4,4 млн теңге несие алған. Олар ақшаны шоттарын қорғау сылтауымен бейтаныс адамдардың есепшоттарына аудартқан. Қаражатты төрт адам алған. Екеуі ақшаны өз еркімен қайтарса, қалған екеуінен әйел сот арқылы өндіріп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алаяқтар әйелге 2026 жылғы маусымда хабарласқан. Олар оны қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін деп қорқытып, несиеге алған ақшаны өздері көрсеткен есепшоттарға аударуға көндірген.
Полиция алаяқтық дерегі бойынша іс қозғағаннан кейін екі белгісіз адамның әрқайсысы 1 млн теңгеден алғаны анықталған. Ал қалған 2,2 млн теңгені басқа алушылар өз еркімен қайтарған.
Ақшаны қайтарудан бас тартқан екі адамға қатысты талап арызды Жамбыл облысы Талас аудандық соты қарады. Сот әйелдің талабын толық қанағаттандырды.
«Сот шешімімен екі жауапкердің әрқайсысынан негізсіз баю ретінде 1 млн теңгеден және мемлекеттік баж өндірілді», – деп мәлімдеді сот.
Әзірге сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
