Алматыда нысандарға жазу жазған екі вандал қамауға алынды (ВИДЕО)
Екі құқық бұзушыға сот шешімімен бес тәуліктен әкімшілік қамау жазасы тағайындалды
Алматыда қала мүлкін бүлдірген екі ер адам ұсталды. Екеуі де қабырғалар мен қоршауларға бояумен түрлі жазулар жазған, еп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Бірінші құқық бұзушыны учаскелік инспектор Жібек жолы көшесінде патрульдеу кезінде ұстаған. Ер адам қоршауға бояумен жазу жазып жатқан.
Екінші жағдай Брусиловский көшесінде болған. 39 жастағы ер адам дүкеннің қабырғасына бояумен жазу жазған. Оны да полиция қызметкерлері ұстады.
«Екі ер адамға да қоғамдық орындардағы ғимараттарды, құрылыстарды және өзге де нысандарды қорлағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар сотқа жолданып, екі құқық бұзушы да кінәлі деп танылды. Әрқайсысына бес тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды», – деп мәлімдеді полиция.
Екі әкімшілік іс те сотта қаралды. Сот шешімімен құқық бұзушылардың әрқайсысы бес тәулікке қамауға алынды.