07.08.2026, 15:13
Заң мен тәртіп
Қарағандыда қызметтік ит жоғалып кеткен 18 жастағы қызды тауып берді
Ол сол күні таңертең үйінен шығып кетіп, кейін байланысқа шықпай қойған
Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT
Қарағандыда қызметтік ит полиция қызметкерлеріне із-түзсіз жоғалып кеткен 18 жастағы қызды табуға көмектесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияға бойжеткеннің анасы хабарласып, қызының таңертең үйден кездесуге шығып кеткенін, алайда кешке дейін оралмай, байланысқа шықпағанын айтқан. Белгілі болғандай, қыз ұялы телефонын үйде қалдырып кеткендіктен, туыстары оның қайда екенін өз бетінше анықтай алмаған.
Іздестіру жұмысына полиция қызметкерлері мен кинолог қызметтік итпен бірге жұмылдырылды. Ит иісшілдік қабілетінің көмегімен полицейлерді қала көшелерімен бастап жүріп, бойжеткеннің жүрген жерін анықтаған. Нәтижесінде 18 жастағы қыз аман-есен табылып, үйіне қайтарылды.
Көп оқылған
07.11.2026, 11:43
Алматыда Меладзенің концертінде жанжал шығарған 3 әйел қамалды (ВИДЕО)
07.11.2026, 06:23
Семейде жолаушылар автобусы өртке оранды (ВИДЕО)
07.11.2026, 12:07
Павлодарлық оқушының грантына Гарвард университеті араласты: Айханым Оқасова оқуға түсті ме, жоқ па
07.11.2026, 14:13
Шымкентте өзенге қоқыс жәшігін лақтырған тұрғын ұсталды
07.11.2026, 21:19
Кешкі серуен қайғылы аяқталды: Toyota Camry екі адамды қағып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды