Қазақстанда су көліктеріне бақылау күшейді: тәртіп бұзғандар жаппай айыппұл арқалап жатыр
164 заңбұзушылық анықталып, қайық иелеріне айыппұл салынды
Биыл жаздан бастап қайық, катер немесе гидроцикл айдап, су бетінде «жарыс» ұйымдастыратындардың еркіндігі шектелмек. 1 шілдеден бастап еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігіне су үстіндегі шағын кемелер мен қайықтарды тікелей тексеру және бақылау құқығы берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұрын бұл іспен басқа мекемелер айналысса, енді құтқарушылар суға батқандарды ғана емес, сол қайғылы жағдайларға себеп болатын ереже бұзушыларды да құрықтайды.
ТЖМ қызметкерлері Көлік прокуратурасымен бірге су айдындарын жаппай тексеріп жатыр. Олар катер не гидроциклді рұқсатсыз айдап жүргендерді, құтқару кеудешесін кимегендер, техникалық ақауы бар қайықтарды пайланып жүргендерге шара қолданады.
Тексеріс басталғалы бері республика бойынша 164 ереже бұзушылық анықталып, қайық иелері айыппұл арқалады.
Еске салайық, 11 маусымда президент қол қойған жаңа заңға сәйкес, су көліктерін бақылау ресми түрде құтқарушыларға жүктелді.
Қазақстан ТЖМ шағын көлемді кемелердің иелері мен кеме жүргізушілеріне қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаудың, құтқару құралдарын пайдаланудың, ауа райы жағдайын алдын ала бағалаудың және өз қауіпсіздігі мен айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын еске салады.