Алматыдағы трагедия: қаза тапқан 12 жастағы жасөспірімге қатысты тың мәлімет жарияланды

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бейнежазбалар мен хат алмасулар зерттеліп жатыр

Алматыдағы трагедия: қаза тапқан 12 жастағы жасөспірімге қатысты тың мәлімет жарияланды
Фото: threads.com/@017aimv Источник: https://24.kz/ru/news/incidents/774139-emu-nanesli-devyat-udarov-nozhom-novye-detali-ubijstva-shkolnika-v-almaty Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на 24.kz

Алматыда 12 жастағы мектеп оқушысының өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін арнайы жедел-тергеу тобын құрған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазір тергеушілер оқиға болған аумақ пен оған жақын жерлердегі бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп жатыр. Сонымен қатар іске қатысы болуы мүмкін басқа да цифрлық айғақтар тексеріліп, қылмыстық іс материалдарына тіркелген.

Алдын ала мәлімет бойынша, қылмысқа қатысы болуы мүмкін 13 жастағы жасөспірім анықталып, мамандандырылған арнайы мекемеге қамалған.

Тергеу нұсқаларының біріне сәйкес, екі жасөспірім арасында осыған дейін келіспеушілік болған. Бастапқы мәліметтер олардың арасындағы жанжалдың кейін қайғылы оқиғаға ұласқанын көрсетіп отыр.

Сондай-ақ қолда бар бейнежазбалар мен хат алмасуларға сәйкес, қаза тапқан баланың күдіктінің тұрғылықты жеріне өзара мәселені шешу мақсатында барғаны анықталған.

«Оқиға орны мен оған іргелес аумақтардағы бейнежазбалар, сондай-ақ болған жағдайдың объективті көрінісін анықтауға маңызы бар өзге де цифрлық деректер зерттеліп, іс материалдарына қосылды. Барлық уәждер мен нұсқалар тексеріліп жатыр. Қазіргі уақытта жәбірленуші тарапқа істің барлық мән-жайы түсіндірілді», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда 12 жастағы баланың көптеген пышақ жарақатынан көз жұмғаны хабарланған болатын. Аталған іс қоғамда үлкен резонанс тудырды. Қазір оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.